Skip to content

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің екі студенті облыстық «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегері атанды.

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің екі студенті облыстық «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегері атанды.

Бұл сыйлық оқуда, ғылымда, шығармашылықта, спортта, кәсіби шеберлікте және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне беріледі.

Берикбек Хайрм — WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық байқауы мен AgroSkills-2025 облыстық байқауының жеңімпазы, облыстық Кіші спартакиаданың жүлдегері. Ол қазақ күресімен белсенді айналысады.

Темирлан Кутейников — WorldSkills-2026 облыстық байқауының, «Қыран-2025» әскери-спорттық ойынының және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстардың жеңімпазы. Сондай-ақ «Қыран» және «Айбын» облыстық жарыстарында жүлделі орындарға ие болған.

Бүгін лауреаттарға марапаттарды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыстады.

Биыл байқауға 700-ден астам өтінім түсіп, облыстық кезеңге 331 үміткер өтті. Іріктеу қорытындысы бойынша 100 лауреат анықталды. Олардың әрқайсысына төсбелгі және 50 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді.

Студенттерімізді құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!