Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аясындағы «Ауыл шаруашылығындағы инновациялар»

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аясында

«Ауыл шаруашылығындағы инновациялар»  облыстық ғылыми-практикалық конференцияның

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже аграрлық саладағы облыстың техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығындағы инновациялар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізу регламентін оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.

 

  1. Конференцияның мақсаттары мен міндеттері:

Конференция мақсаты: Жас мамандардың кәсіби даярлау деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың ғылыми және шығармашылық әлеуетін тарту, ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңызды жобаларды анықтау, ауыл шаруашылығына енгізу мүмкіндігі мақсатында инновациялық жобаларды қалыптастыру, инновациялық қызмет субъектілерін қолдау және ынталандыру.

Конференцияның міндеттері:

-жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне ықпал ету және ынталандыру.

– жұмыстың инновациялық нысандары мен әдістерін тәжірибеге енгізу

– білім беру практикасында жаңа инновациялық технологияларды белсенді қолданатын педагогтер жұмысының жаңа нәтижелі нысандары мен әдістерін дамыту және дәріптеу.

 

  1. Конференцмяны ұйымдастыру

3.1. Конференцияны ұйымдастырушысы Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) болып табылады.

3.2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

– ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы ақпараттандыру;

– конференцияның нысанын, тәртібін, орны мен мерзімдерін анықтау;

– жұмыс ұзақтығын ескере отырып, ғылыми-практикалық конференция бағдарламасын әзірлеу;

– конкурстық материалдарды бағалау критерийлерін әзірлеу;

– ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар құрамын бекіту;

– конференция жеңімпаздарын марапаттау.

3.3. Ұйымдастыру комитеті конференцияны өткізу кезінде туындайтын барлық даулы мәселелерді қарайды және олар бойынша түпкілікті болып табылатын шешімдер қабылдайды.

3.4. Конференцияның үйлестірушілері:

Баймуханова Г.А. – оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері -87074993417

Копеева А.Х. – колледж басшысының орынбасары –87076040108

Ахметова С.Р. – колледж әдіскері 87475061137

 

  1. Ғылыми-практикалық конференция өткізу тәртібі

4.1. Қатысушылардың презентациялары, баяндамалары тыңдалатын ғылыми-практикалық конференцияның отырысы 2023 жылғы 16 қараша сағат 10.00-да өтеді.

4.2. Қатысу өтінімдері мен баяндамалар материалдары 2023 жылғы 10 қарашаға дейін қабылданады (1-2-қосымшалар) жұмыстар hiacertis@yandex.kz электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі:

4.3. Конференция жұмысы секциялар бойынша жүзеге асырылады:

1) Өсімдік және мал шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

2) Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын іске асырудағы ветеринариялық медицина мен биофармацияның қолданбалы аспектілері

3) «Ақылды» ауыл шаруашылығы: машиналар, жабдықтар және технологиялар

4.4. Өтетін орны мен мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылы, «Ertis» жоғары  инновациялық аграрлық колледжі КМҚК

 

 

  1. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу:

5.1. Конференцияға аграрлық колледждердің студенттері, оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысады;

5.2 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс;

5.3 Өткізу нысаны: күндізгі (офлайн)

5.4. Конференцияға жеке немесе авторлық топ құрамында (2 адамнан аспайтын) бір оқытушының басшылығымен орындалған жұмыстар ұсынылуы мүмкін. Бір білім беру мекемесінен жұмыс саны – 5-тен (бес) аспайды.

5.5. Баяндамаларды ресімдеуге және ғылыми-практикалық конференция тақырыбына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар конференцияға қатысуға қабылданбайды.

5.6. Конференция қатысушыларының баяндамалары «Плагиатқа қарсы» жүйесі арқылы тексеріледі. Жұмыстың бірегейлігі 50% немесе одан да көп болуы керек. Аталған критерийге сәйкес келмейтін жұмыстар конференцияға қатысуға қабылданбайды.

5.7. Конференцияға қатысу – тегін.

 

  1. Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

6.1. Баяндама көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Microsoft Office Word редакторы, *Doc форматы қолданылады. * docx, қаріп-Times New Roman, кегль 14, интервал 1,5, азат жолдан бастау 1,25. Қолмен тасымалдау және қосымша бос орындар ұсынылмайды. Мәтінде суреттерге, кестелерге рұқсат етіледі. Жол: оң жақта, жоғарғы жағында, төменгі жағында – 2 см, сол жағында-3 см. Парақ сілтемелері: Times New Roman; кегль 1, 1 интервал, әр беттегі сілтемелерді нөмірлеу. Парақтағы орналасқан жері: жоғарғы оң жақ бұрышта – оқу орны, автордың тегі мен аты-жөні, мамандығы, курсы, келесі жолда – баяндаманың немесе сөйлеген сөздің атауы, әрі қарай – баяндама мәтіні. Мақаланы ресімдеу үлгісі (2-қосымша)

6.2. Баяндама барынша түсінікті тілде, нақты, құрылымдалған болуы керек. Материалды, схеманы, кестені, нұсқаулықты берудің көрнекі формасы құпталады.

6.3. Материалдардың мазмұнына авторлар мен ғылыми жетекшілер жауап береді.

6.4. Конференцияға ұсынылған материалдар рецензияланбайды, түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.

6.5. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың сөз сөйлеу регламенті презентациямен (ұзақтығы-5-7 мин.) және пікірталаспен (3 мин. дейін) ғылыми – зерттеу жұмысын жария қорғауды көздейді.

6.7 Ұйымдастыру комитеті мазмұны мен ресімделуі бойынша белгіленген талаптарға сай келмейтін баяндамаларды жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

 

7 зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

  • Таңдалған тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;
  • Мәлімделген тақырып пен жұмыс мазмұнының сәйкестігі;
  • Мақсатқа, міндеттерге және жұмыс нәтижелеріне сәйкестік;
  • Автордың тақырып бойынша әдебиеттермен танысу дәрежесі;
  • Жұмысты дайындау кезінде пайдаланылған дереккөздердің саны, өзектілігі және дұрыстығы;
  • Қойылған міндеттерді шешудің таңдалған әдістерінің, мен тәсілдерінің орындылығы;
  • Жұмыстың практикалық (тікелей зерттеу) бөлігінің көлемі;
  • Алынған нәтижелерді талдау қабілеті;
  • Өз пікірін қалыптастыру және дәлелдеу;
  • Мазмұндау тілі;
  • Терминологияны меңгеру деңгейі;
  • Жұмысты рәсімдеу сауаттылығы;
  • Зерттеуді қорғау үшін сөйлеу және презентация дайындау сапасы;

* Зерттеу тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру, пікірталас жүргізу қабілеті.

 

  1. Сараптама комиссиясының құрамы

Сараптама комиссиясының құрамына Павлодар облысы білім беру басқармасының өкілдері, жұмыс берушілер, ЖОО өкілдері кіреді.

Сараптама комиссиясы конференция қорытындысы бойынша хаттаманы айқындайды және ресімдейді.

Бағалау критерийлері (3-қосымша)

 

  1. Қорытынды шығару және конференцияға қатысушыларды марапаттау:

9.1. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады (секциялар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі), дипломдарда ғылыми жетекшілер көрсетіледі.

9.2. Конференцияның барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары беріледі, онда да ғылыми жетекшілер де көрсетіледі.

9.3. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары ұйымдастырушы колледжінің http://www.viak-ertis.edu.kz/ сайтына орналастырылатын конференция материалдарының электрондық жинағына енгізіледі.

 

ереже қосымшасы

приказ СХ