Skip to content

Күндізгі бөлім меңгерушісі – 0,5 штаттық бірлік

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

  1. «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК, 1409090, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кеменгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 26. Тел.: 8 (718 45) 53252, 8 (718 45) 53002, e-mail: hiacertis@yandex.kz (Майское бөлімшесі).
  2. Күндізгі бөлім меңгерушісі – 0,5 штаттық бірлік, есептелген жалақы – 119 963 теңге.
  3. Күндізгі бөлім меңгерушісіне қойылатын біліктілік талаптары:
  • Бөлімдегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оған тікелей басшылық жасайды.
  • Оқу жоспарларының, бағдарламалардың, сабақтар мен емтихандар кестесінің, оқу процесінің графигінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
  • Дипломдық және курстық жобалау жұмыстарын орындау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылайды.
  • Білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, тәртібі мен сабаққа қатысуын бақылауды, емтихандық, жиынтық және қорытынды ведомостарды толтыруды қамтамасыз етеді.
  • Бөлім оқытушыларының педагогикалық жүктемесін бөлуге қатысады, оқу бағдарламаларының орындалуын оқу сағаттарымен есепке алады және бөлім бойынша есептілікті жүргізеді.
  • Оқу пәндері мен педагогикалық практиканың оқытылу жағдайын бақылайды.
  • Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды.
  • Стипендиялық комиссияның (күндізгі оқу нысаны), қабылдау комиссиясының және жас мамандарды бөлу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуды қамтамасыз етеді.
  • Білім алушылар құрамын зерделейді, контингентті сақтау жөніндегі жұмысты бақылайды.
  • Оқу журналдарының, білім алушылардың үлгерім кітапшаларының, бөлімдегі шағын педагогикалық кеңестер хаттамаларының жүргізілуін бақылайды.
  • Оқу процесінің графигіне сәйкес семестрлік және мемлекеттік емтихандарға арналған консультациялар кестесін жасайды.
  • Бөлім бойынша жұмыстың есепке алынуын және есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  • Дәлелді себептермен оқытушыларды бір күнге жұмыстан босату мәселелерін шешеді.
  • Дәлелді себептермен білім алушыларды сабақтан босату мәселелерін шешеді.
  • Бөлімге бекітілген үй-жайларды ұтымды пайдалану және тиісті тәртіпте ұстау мәселелерін бақылайды.
  • Бөлім активінің жұмысына көмек көрсетеді.
  • Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды, старостаттың және бөлім активінің жұмысына басшылық етеді.
  • Педагогикалық, әдістемелік кеңестерде және директор жанындағы кеңесте қарауға арналған материалдарды дайындауға қатысады.
  • Бөлімде конференциялар, олимпиадалар, демалыс кештерін ұйымдастыру мен өткізуді бақылайды.
  • Білім алушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырады.
  • Бөлімдегі тұрмыс жағдайы мен тәрбие жұмысының жай-күйіне қатысты мәселелерді бақылайды.
  • Бөлім түлектерінің белгіленген жұмыс орындарына келуін бақылайды.
  • Білім алушылар ұжымының қызметінде өзін-өзі басқару бастамаларын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
  • Білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, олардың отбасылық жағдайлары мен тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
  • Білім алушылардың ата-аналарымен немесе олардың орнын алмастыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
  • Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын;

педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, гигиенаны, белсенді оқыту әдістерін, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас тренингтерін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;

педагогикалық әдеп нормаларын;

педагогикалық ғылымның дамуының негізгі бағыттары мен жетістіктерін;

еңбек туралы заңнаманы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Психология» бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін 5 жыл.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жұмыс өтіліне талап қоймай, кәсіптік қайта даярлаудың болуы;

және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін 5 жыл.

Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) педагог:

білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі;

білім беру ұйымы деңгейінде өткізілетін іс-шараларға қатысуы;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы;

кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдана білуі.

2) педагог-модератор:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы;

білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы.

3) педагог-сарапшы:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби дамуының басым бағыттарын конструктивті түрде айқындауы;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы;

аудан/қала деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы.

4) педагог-зерттеуші:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және аудан, қала деңгейіндегі педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын конструктивті түрде айқындауы;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) тәжірибені жинақтауы;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы.

5) педагог-шебер:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы немесе жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (қосалқы авторы) болуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлауы;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушыларды дайындауы.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 26 тамызға дейін.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:
  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіле отырып – болған жағдайда);
  • Үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  • психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарға динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  • наркологиялық науқастарға динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік (болған жағдайда);
  • ағылшын тілі педагогі лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік (болған жағдайда), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында арнайы пәндер педагогтері және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарында педагогикалық қызметін бастаған, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуге босатылады;
  • осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  • жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан берілген ұсыным хат.